Астанада жүк контейнері жарылды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарлауынша, 14 ақпанда сағат 00:30-да Астана станциясының сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болған.

ҚТЖ

Алматы, NEGE. Астана қаласы ТЖД-ның нақтылауынша, бұл Сарыарқа ауданы Гёте көшесіне жақын жер. Оқиға орнына дереу құтқарушылар келді. Өрт болған жоқ.

«Бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады», делінген хабарламада.

Бастапқы мәлімет бойынша контейнерде электр жабдықтары (трансформатор, генератор) болған. Контейнердің жеке компанияға тиесілі екендігі анықталды.

Қазір уәкілетті орган өкілдері тергеуді бастады.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды