Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Полицейлердің мәлімдеуінше, күдікті – 32 жастағы ер адам, ол елдің басқа өңірінен ұсталды.

polisia.kz

Астана, NEGE. Қаскөй тұрғын үйдегі пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны, сондай-ақ алтын бұйымдарды – сақина, сырға және білезікті ұрлап кеткен.

«Қылмыс жасағаннан кейін ол ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты», – деп жазады Ішкі істер министрлігінің ақпараттық порталы.

Елдің басқа өңірінен ұсталған күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды