Астана тұрғыны танысының сеніміне кіріп, 1 млн теңгеге тауарлық несие ресімдеген

Танысының сеніміне кіріп 1 млн теңгеге тауарлық несие ресімдеген елордалық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Астанада алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы азамат қолға түсті. Ол өзінің танысының сеніміне кіріп, оның телефонын заңсыз пайдалану арқылы банктен шамамен 1 миллион теңгеге жуық тауарлық несие рәсімдеген.

Күдіктіні анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Нәтижесінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр