Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды

Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алаяқ мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алуға жәрдем берем деп уәде беріп, кейін ақшаны алып ізін суытқан. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, 2 млн теңгеден астам соммаға алданып қалды. Кейін алданғанын түсінген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды. Күдікті қылмысын мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында күдіктінің тағы да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты