Астана тұрғыны 15 адамды Моңғолиядан көлік алып беремін деп сан соқтырған

 Бұл туралы stan.kz хабарлады.

polisia.kz

Алматы NEGE. Алаяқтың қолынан Астана, Павлодар және Қарағанды ​​облыстарының тұрғындары зардап шекті.

"Транзиттік нөмірлері бар көліктерді автосалон арқылы сатып алуға уәде берген ер адам ақшаны өз қалауына жұмсаған. Ақшаның бір бөлігіне расымен сатып алушыларға көлік сатып алған, ал қалғанын ысырап еткен. Қарағанды ​​облысының тұрғыны алаяққа 21,7 миллион теңге бергенін айтып, полицияға хабарласқан. Ал басқа адам 3,3 миллион теңге берген", – деп хабарлады полиция департаменті.

Алматы аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Астана қаласының тұрғынын құрықтап, "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Астана полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді