«Астана-Щучье» тас жолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

Сағат 13:28–де «Астана-Щучье» тас жолындағы 153-шақырымында, Жанаталап ауылының маңында шамамен 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болған.

Полиция

Алматы, NEGE. Жол апаты салдарынан Бұланды аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 11 адам жүгінді, олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды

Қазіргі уақытта жол учаскесінде зардаптарды жою жұмыстары жалғасып жатыр, жергілікті жерде полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және ҚазАвтоЖол мамандары жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Полицейлердің мәліметінше, елорда бағытында 400-ге жуық автокөліктен тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылған.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды