Астана ШЫҰ-ның 24-ші саммитіне дайын

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысушыларды қарсы алу рәсімі басталды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен алғашқы болып Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар қол алысып, суретке түсті. Осыдан кейін Президент мәртебелі мейманды конференция залына шығарып салды.

Саммиттен ақпарат тарату үшін Елордаға 700-ден астам әлемдік БАҚ өкілі келді.