Астана мен Көкшетауда екінші ауысымдағы сабақ онлайн өтеді

'Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды' деп хабарлайды елорданың білім басқармасы.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, Көкшетау мектептерінде екінші ауысымдағы 1-7 сынып оқушылары онлайн оқитын болды.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты (желдің 20 м/с дейін күшеюі, боран) 8 ақпанда екінші ауысымдағы 1-7 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі», — делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.