«Астана» мен «Челси» ойынынан кейін Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен кетті

Алматының бас футбол алаңы - Орталық стадион басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды, деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясы.

gov.kz

Алматы, NEGE. Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.

– «Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан.

Еске салайық, бүгін Орталық стадионда «Астана» мен «Челси» арасындағы ойын өтті.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін