Астана мектептеріне танымал тұлғалардың есімі берілді

Астанада бірқатар мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілді.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы шықты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

– №20 орта мектебіне Шәкен Аймановтың есімі берілді.
– №27 мектеп-лицейге Қасым Қайсеновтың есімі берілді.
– №38 мектеп-лицейге Әлімхан Ермековтың есімі берілді.
– №64 мектеп-лицейге Сұлтанбек Қожановтың есімі берілді.
– №94 мектеп-гимназияға Тұрсынбек Кәкішұлының есімі берілді.
– №89 мектеп-лицейге Дулат Бабатайұлының есімі берілді.
– №44 орта мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.
– №24 орта мектепке Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілді.
– №59 мектеп-лицейге Кәрім Мыңбаевтың есімі берілді.
– №34 орта мектепке Барлыбек Сырттанұлының есімі берілді.
№63 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімі берілді.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?