Астана маңындағы тұрғын үйдің ауласында екі жасар баланы көлік қағып кетті

Қайғылы оқиға 5 сәуір күні «Лесная поляна» тұрғын үйінің ауласында болды.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sportage көлігін айдап келе жатқан әйел аулада бұрылмақ болғанда, 2023 жылы туған баланы қағып кеткен. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Оқиға кезінде аулада басқа балалар да болған. Бейнебақылау кадрларынан олардың жан-жаққа қашқаны, ал қыз баланың жолда жалғыз қалғаны көрінеді. Көлік жүргізген әйел сол ауданда тұрады және тұрғындардың айтуынша, сол сәтте көлікпен өз ұлын іздеп шыққан.

Қазір оқып жатыр

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді