Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Астана қаласына жақын орналасқан Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі ресми түрде хабарлады.

Сергей Бобылев/ ТАСС

АЛМАТЫ, NEGE. Министрліктің мәліметінше, бүгін шамамен сағат 11:30 кезінде TL-2000 маркалы жеңіл моторлы ұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде апатқа ұшыраған. Аталған ұшақ жеке тұлғаның меншігінде болған.

"Алдын ала деректерге сәйкес, ұшақ бортында екі экипаж мүшесі болған. Өкінішке қарай, екеуі де апат салдарынан оқиға орнында қаза тапты," — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазір авиациялық оқиғаға байланысты тиісті тексеру жұмыстары басталды. Қолданыстағы тәртіпке сай, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізілмек.

Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің мамандары апат орнына жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады