Астана күнінде Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 6 шілде – Астана күнінде елімізде 223 ұл бала және 225 қыз бала дүние есігін ашты. Оның ішінде екі егіз де бар. Олардың екеуі де Астана қаласында туған.
Астана, NEGE. Мереке күні көп сәби Түркістан облысында дүниеге келді. Бұл облыста биыл 67 нәрестенің туған күні Астана күнімен қатар келсе, Алматы қаласында 44 сәби, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден өмір есігін ашқан.
Қазақстанның кішкентай азаматтарының ғұмыр жасы ұзақ болсын деп тілейміз.
Айта кетерлігі, босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары жүкті және босанатын әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетеді.