Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Астанадағы қалалық емхананың бұрынғы басшылық құрамы тұрғындарды емдеуге арналған бюджет қаражатын ұзақ уақыт бойы жымқырып келген деп күдікке ілінді.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық прокуратура хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, жымқырылған қаржы емхана басшылығының жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударылған. Осылайша жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген.

Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға және Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты.

«Бұл дерек бойынша прокуратура органдары Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

LRT екі аптада 1 млн жолаушыны тасымалдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды