19 августа 2025 г. 19:20

«Астана – Бурабай» пойызы Starlink интернетіне қосылды

Фото: ғаламтордан

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, бұл жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып отырған алғашқы бағыт.

«Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін министрлік оны масштабтау мәселесін қарастырады», – деді Ж.Мәдиев.

Бұған дейін Пилоттық жоба №3/4 (Астана – Алматы) және №67/68 (Астана – Өскемен) Talgo пойыздарында жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Jusan Mobile» АҚ OneWeb спутниктік технологиясы негізінде интернетпен қамтуды да сынақтан өткізді. Бұл жоба аясында OneWeb жүйесіне бейімделген мультимедиялық жабдықтар қолданылған.