Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек
Астана халықаралық әуежайында жолаушыларды жасанды интеллект көмегімен биометриялық тексеруден өткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Көлік министрлігі әзірлеген құжат жобасында айтылған.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Жоба Цифрлық кодекстің 48-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
Министрліктің мәліметінше, биометриялық аутентификация жүйесін енгізу жолаушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартуға, ұшу алдындағы рәсімдерден өтуді оңтайландыруға және әуежайдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Құжатта жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны көрсетілген.
Құжат жобасы 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.