Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Астана халықаралық әуежайы өкілдері ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатқанын ескертті.

Астана әуежайы

Астана, NEGE. Қар аралас жаңбыр жаууына байланысты әуежайда күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасқан.

«Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Кідірістердің негізгі себебі – қолайсыз ауа райына байланысты әуе кемелерінің кешігіп келуі», – делінген хабарламада.

Рейстер бойынша қазіргі жағдай:

Ұшып келуге:
• Кешіктірілгені – 11 рейс;
• Тоқтатылғаны – 1 рейс (ауа райы жағдайына байланысты).

Ұшуға:
• Кешіктірілгені – 4 рейс.

Әуежай өкілдері жолаушылардан онлайн-таблоны, әуе компанияларының ресми ақпаратын және терминалдағы хабарландыруларды қадағалап отыруды сұрайды.

Айта кетейік, полицейлер жауын-шашынның күшеюіне байланысты Қарағанды – Астана тасжолы уақытша жабылғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды