Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді
15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Астана, NEGE. Әуежай мәліметінше, жоспарлы жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі деп жоспарланған. Осы уақыт аралығындағы барлық рейс басқа уақыттарға ауыстырылды.
«Осыған байланысты сапарыңызды жоспарлау барысында рейс уақытына қатысты ақпаратты алдын ала нақтылап алуларыңызды сұраймыз», – дейді әуежайдың баспасөз қызметі.
Тіркеу және тексеру аймақтарында кептеліс болуы мүмкін. Сондықтан жолаушылар әуежайға 2-3 сағат ерте барғаны жөн.
Әуежай терминалы мен барлық қызмет көрсету аймақтары қалыпты режимде жұмыс істейді.