Астана әуе базасында әскери қызметші жарақат алды

Елордадағы әскери авиабаза аумағында қару қолдану кезінде қауіпсіздік шарасының сақталмауы салдарынан әскери қызметші жарақат алды.

Фото: tengrinews.kz

Астана, NEGE. Әуе қорғанысы күштерінің мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметші дереу елорда ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер әскери қызметшінің жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?