Астана әкімдігі өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеді

Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді.

ТЖД

Астана, NEGE. Зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

Ал екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен ұдайы байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Естеріңезге сала кетейік, Астанада жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты