Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі Махмұд Қасымбеков «Астана» халықаралық қаржы орталығында New Mining Ltd. компаниясын тіркеді. Қасымбеков компанияның жалғыз акционері, директоры әрі бас директоры ретінде көрсетілген.

ernur.kz

Астана, NEGE. Компания 2026 жылғы 7 қыркүйекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының жария тізіліміне енгізілген, деп жазады BES.media.

Жалпы, соңғы бір жарым айда Махмұд Қасымбеков АХҚО-да қызмет бағыттары ұқсас тағы екі компания тіркеген.

Желілік басылым мәліметінше, 23 шілдеде Shygys-Zhetisu Minerals Ltd., ал 7 тамызда Zhetisu Resources Ltd. компаниялары тіркелді. Бұл екі компанияда да Қасымбеков жалғыз акционер әрі басшы ретінде көрсетілген. Екі холдинг те пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған лицензияларға иелік ететін ұйымдар үшін бас компания болуы тиіс. Олардың мәлімделген капиталы да 100 доллардан болған.

Айта кетейік, Махмұд Қасымбеков 2004 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Президенті кеңсесін басқарды. 2019 жылғы наурызда ол Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі басшысы қызметіне тағайындалған.

Оның ұлы Жеңіс Қасымбек 2022 жылғы желтоқсаннан бері Астана әкімі қызметін атқарып келеді.