Аспаннан балық жауды

Автралияның құрғақшылықтан зардап шеккен Квинсленд штатында ақыры жаңбыр төкті. Йова ауылының тұрғындары жауыннан тұрған қақтарда жүзіп жүрген балықтарды көрген.

Алматы. NEGE. Кейбірінің көлемі 7 сантиметрден асады екен. Сарапшылардың айтуынша, көктен жауған балық – Австралияның ішкі жағында қалыпты жағдай екен.

Дауыл кезінде пайда болған құйын балықтарды бұлттарға дейін көтеріп әкетіп, жаңбырмен бірге жерге түсіреді. Жел көбіне кішкентай балықтарды көтеріп әкететін көрінеді.