Асланбек Шымбергенов: Қарсыласым құлап қалады деп ойламадым
Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшылары әзірге сәтті өнер көрсетіп жатыр. Бүгінгі сессияда 71 келіде Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаудпен жеңді.
Алматы, NEGE. Қарсыласын мерзімінен бұрын жолдан тайдырған Асланбек Шымбергенов Vesti.kz сайтына сұхбат беріп, қарсыласын нокаутқа түсірем деп ойламағанын айтыпты.
Германияның боксшысы Магомед Шахидовтың екінші раундта қабағы жарылып қалды. Асланбектің де алдыңғы кездесуден соң қабағы ісіп қалғанын байқадық. Алайда үшінші раунда Асланбектің бірнеше соққысынан соң Магомедтің тізесі бүгіле берді...
– Біз рингке жеңу үшін шығамыз. Арнайы дайындалған тактикамыз бар. Бірақ оны құлап қалады деп ойламадым, – деді А.Шымбергенов.
«Әр раундта басымдығың байқалып тұрды. Кейбір кезде жеңіл болды...», – деген тілшіге жеңімпаз былай деп жауап берді: «Жеңіл деп айта алмаймын. Әр кездесудің қиындығы бар. Ең бастысы – мен жеңдім!».