Асланбек Шымбергенов бокстан ӘЧ-ның ширек финалына шықты

Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов кезекті рет жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. 71 келі салмақта бақ сынаған Шымбергенов 1/8 айналымда Германия өкілі Магомед Шахидовпен жұдырықтасқан болатын. 

Екі раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Асланбекке берді. Ал үшінші раундтың аяқталуына 53 секунд қалғанда Шымбергенов қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. 

Айта кетелік, чемпионат барысында Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовтан да басым түсті.