Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының финалына шыға алмады

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалдық кездесуінде қазақ боксшысы Асланбек Шымбергенов жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандықтың 2022 жылғы Азия ойындарындағы соңғы қарсыласы жапон боксшысы Куинси Оказава болды. Спортшылар 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездесті. Жапондық төрешілер шешіммен (3:2) жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Шымбергенов финалға шықса, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензияға кепілдік бере алатын еді.

Сондай-ақ бүгін 92 келіден жоғары салмақта жартылай финалда қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев үндістандық Нарендермен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр