Әскери жағдай режимі енгізілді

Қытайдың Юньнан провинциясы Мьянмамен шекарадағы қалаларда әскери жағдай режимін енгізді.

Алматы, NEGE. Себебі көрші елден келген екі азаматтан вирус анықталған екен. Жуйли қаласының барлық тұрғынын коронавирусқа тексеру туралы шешім қабылданып, тұрғындарға аса қажеттіліксіз үйінен шықпау бұйырылған.

Ал қаладан 12 қыркүйектен кейін кеткендер қажет органдарға тоқтаған орындары туралы хабарлап, тест тапсыруы керек.

Айта кетейік, Юньан провинциясы Мьянмамен шекаралас. Аймақта бүгінгедейін шетелден келген 7 адамдан вирус анықталған екен.

Қазір оқып жатыр

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек