Әскери ұшақ әуеде жоғалып кетті

Антарктикадағы базаға бағыт алған чилилік әскери ұшақ радардан жоғалып кеткен. Бортта 38 адам болған. Бұл жайында BBC хабарлады.

Алматы, NEGE. "C130 Hercules ұшағы 16:55-те ұшып (01.55 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша), 18:13-те байланыстан ажырап кетті (03.13 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша). Ол Пунта-Аренас қаласындағы "Чабунко" базасынан Антарктикадағы әуе базасына бағыт алған. Бортта барлығы 38 адам, оның 17-сі - экипаж мүшесі 21-і - жолаушы болған", – делінген ВВС Чилидің Twitter парақшасында. 

Ұшақ базалардың бірін жанармаймен қамтамасыз ететін мұнай құбырында қызмет ететін жұмысшыларды тасымалдап келе жатқан. ВВС Чили генералы Эдуардо Москейру ұшақтағы жанармай Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 09:40-та бітуі керек болғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін