Әскери ұшақ апатқа ұшырады

Беларусьтің Барановичи қаласының маңында Лидской шабуылдаушы әуе базасының Як-130 әскери ұшағы құлады. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Алматы, NEGE. Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында экипаж техникалық ақау байқаған. Ұшқыштар ұшақты елді мекеннен алыс алып кетуге тырысқан.

Құлау траекториясының тұрғын үйлерден алыс екеніне көз жеткізген кезде ғана олар катапультанды. Өкінішке орай, екі ұшқыш та қаза тапты. Басқа құрбандар мен қирандылар жоқ.

Апаттың салдары ТЖМ күштерімен жойылды. Апат орнына Беларусь Қорғаныс министрінің қарулану бойынша орынбасарының бастамасымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шықты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті