Әскери полицейлердің қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сенат депутаттары Асқар Шәкіровтың төрағалық етуімен өткен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында әскери полиция органдары туралы заңды қарады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Заңның негізгі мақсаты – әскери полиция органдарының қызметін жетілдіру. 

Онда әскери полиция органдарының міндеттері мен құзыреттерін, құрылымы мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ қазіргі кезде жүзеге асып жатқан функцияларды заңнамалық бекіту жөнінде өзгерістер көрсетілген.

Заң әскери полиция органдары қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдануын, сондай-ақ олардың жеке құрамы мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.