Әскери қызметкерлерге қымыз бен шұбат беріледі

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев қазақ әскерилерінің тамақтануын ұлттық дастарханмен байланыстыру істері қолға алынғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Әскери қызметкерлердің тамақтануын ары қарай жақсарту бағытында Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе ұлттық дастарханның ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік нормаларын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда әскерилердің тамақтануы рационына қосымша жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз етін және түрлі балық еттерімен толықтыру жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, құрт, қымыз, шұбат сияқты дәстүрлі тағамдар мен сусындарды енгізу қарастырылған. Осы арқылы тамақтану құрамын жақсартамыз», - деді Руслан Тапашев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді