Әскери институтта 1 курс курсанты өлі күйінде табылды
2023 жылғы 3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі табылды..
Алматы, NEGE. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.
Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы курсанттың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.