Әскери институт қызметкерлері вакцина салдырды

Талғат Бегелдинов атындағы әуе күштері әскери институтының қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдады.

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласында орналасқан Талғат Бегелдинов атындағы әуе күштері әскери институтының қызметкерлері елдегі иммундау шарасынан тыс қалмады.

Мұнда барлығы 1 мыңнан астам адам еңбек етсе, оның 700-ден астамы COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алып үлгерді. Алдымен басшылық құрам мен ЖОО басқарма қызметкерлеріне вакцина егілді.

«Бұл оқу процесін үздіксіз жүргізуге, әскери дайындықты шыңдауға мүмкіндік беретін қадам. Осы арқылы біз өзіміз бен жақындарымызды қорғай аламыз», - деді институт бастығы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды