Әскери борышын өтейтін сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады

Әскер қатарына шақырылғандардың несиелері уақытша тоқтатылады.

Алматы, NEGE. Қазір әскерге шақыртылғандардың несиелері бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Екінші деңгейлі банктер сарбаздармен 13 ай бойы төлемді тоқтата тұру туралы келісім жасайды.

Осы уақыт аралығында, проблемалық несиелерді өндіріп алу жұмыстары да тоқтатылмақ.

Сондай-ақ сарбаз әскери бөлімнің басшылығына жазбаша өтініш жазып, ай сайынғы төлемін тоқтатуға құқылы. Өтінішті жақын туыстарының жазуына да рұқсат етілген.