Әскери бөлімге таяу үйлердің тұрғындары эвакуацияланды

Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан оқиға орнына таяу орналасқан үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтинант Руслан Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды nege.kz сайты.

 
Алматы, NEGE. «Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат шамамен 19-00-де қоймалардың бірінің жанынан өрт шыққан. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командасы шынжырлы өрт сөндіру машинасымен жедел кірісті. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері көмек көрсетіп жатыр. Өрттің бір бөлігі сөндірілді. Бұған қарамастан өрт салдырынан белгісіз заттың жарылуы орын алды. Өрт ошағын сөндіру жалғасуда», - деді генерал-лейтенат.
 
Сонымен қатар ол өрттің шығу себебі анықталу үстінде екендігін атап өтеді. 
«Қоймада негізінен инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Олар алысқа ұшпайды. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында таяу маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді. Комиссия апат салдарын жоюмен айналысатын болады», - деді Руслан Шпекбаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді