Әскери ұшқыштар 10 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізді

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері тікұшақтарының экипаждары жергілікті халықты құтқаруға, азық-түлік, жылы киімдер мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізуді жалғастыруда.

Ақтөбе облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Құтқару жұмыстары Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарында жүргізіліп жатыр. 30 наурызда әскери ұшқыштар 38 мәрте ұшу жасады.

Жалпы ұшу 15 сағаттан астам уақытты құрады. Осы аралықта 222 адам эвакуацияланды. Табиғи апат аудандарына салмағы мың келі апаттан құтқару мүлкі мен төтенше жағдайлар қызметінің 19 маманы жеткізілді.

Эвакуациялық пункттерге 10 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізіліп, түсірілді. Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы тәулік бойы экстремалды жағдайда жұмыс істеуде.Қазіргі уақытта құтқару шараларына 7 тікұшақ жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды