Әскери қызметшілер енді пойызбен тегін қатынай алады

1 қаңтардан бастап барлық күштік құрылымның әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойызымен тегін қатынай алады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚТЖ

Астана, NEGE. ІІМ өкілдерінің түсіндіруінше, бұл бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Бұл жеңілдік тек Қазақстан ішіндегі бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарына қолданылады. Ал шығын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өтеледі.

Ведомствоның нақтылауынша, бұл әлеуметтік қолдау әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, демалысты алдын ала жоспарлауға және жол шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік бермек.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты