17 июня 2023 г. 15:18
Әскерден кейін ақысыз негізде ЖОО-ға түскендер тізімі жарияланды
Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін тегін негізде жоғары оқу орындарына түскен азаматтардың тізімін жариялады.
Алматы, NEGE. ЖОО-ларға ақысыз негізде оқуға қабылданғандар саны – 650 адам. Бұған дейін әскерге барғандарды ҰБТ нәтижесіне қарамастан әскери оқу орнына қабылдау талаптары жарияланған болатын.
Сондай-ақ кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов әскери міндетін өтегеннен кейін жұмыс істегісі келетін сарбаздарды мемлекеттік компаниялар мен ірі корпорацияларға жұмысқа тұрғызу жағын қарастыруды ұсынған болатын.