Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінде өткен ведомствоаралық кеңесте айтылды.

Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Алайда әзірге нақты қандай шектеу шаралары енгізілетіні айтылған жоқ.

«Әскерге шақырудан жалтарып жүрген азаматтарға уақытша шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Аталған шаралар уақытша сипатта болып, тек қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылады», – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ жиында бірыңғай шақырту тізілімін енгізу мәселесі пысықталды. Бұл шара, ведомство мәліметінше, азаматтарды хабардар ету жүйесінің тиімділігін арттыруға, шақыру науқанының ашықтығын қамтамасыз етуге және әскери міндетті орындау тәртібін күшейтуге бағытталған.

«Бірыңғай шақырту тізілімін енгізу хабарлау жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз азаматтарды уақтылы әрі толық ақпараттандыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың конституциялық міндетін орындауын жүйелі түрде қадағалайтын заманауи цифрлық тетікті қалыптастырамыз», – деді қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Сондай-ақ кеңесте мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру үшін мерзімді әскери қызметшілердің ай сайынғы қаржылай үлесін арттыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтау ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды