Әскердегі ер адамдарға белдемше киюге, тырнақ бояуға рұқсат етілді

Канадада әскери адамдарға жынысына қарамастан белдемше киюге, шаш, тырнақ өсіруге, бетіне сурет салуға рұқсат етілді.

Алматы, NEGE. Канада билігі осындай жаңарған жарғы енгізді. Ереженің жаңартылған нұсқасы қыркүйекте күшіне енеді. Әскери киімдер жынысына қарай бөлінбейді. Ер адамдар белдемше кигісі келсе, оған рұқсат етіледі. 

Сонымен қатар әскердегі әйел адамдар да ерлер сияқты киініп жүре алады.