Әскерде басынан ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтарды ата-анасы Түркияға алып кетті

Әскерде басынан жарақат алып, комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емделеді.

фейсбук/Inga Imanbay

Алматы, NEGE. Құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың Стамбулға ұшып кеткенін хабарлады. Ұшақ бүгін таңертең Астанадан ұшты.

«Ербаян Стамбулға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз», деп жазды Инга Иманбай. 

Естеріңізге сала кетейік, Ербаян Мұхтар осыдан алты ай бұрын әскерде бас-ми жарақатын алып, комаға түскен болатын. Төрт айдай ес-түссіз жатып, мамыр айында комадан шықты. Енді Ербаян Мұхтар емін Түркияда жалғастырады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады