Асқарбек Ертаев еңбек министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

gov.kz

Астана, NEGE. Министрліктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған.

Әр жылдары Премьер-министр кеңсесінің, Үкімет аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарды.

2025 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болған.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді