Асқар Забикулиннің әйелі әсерлі жазба жариялады (видео)
Астанада көпқабатты пәтерлердің бірінен шыққан өрт кезінде үш адамды құтқарып, кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған Асқар Забикулиннің әйелі Анель Забикулина марқұм жолдасы туралы ерекше видео жариялады.
Алматы, NEGE. Әйелі видеожазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялаған.
"Бүгін бізде мерейтой. Бүгін біздің отбасымызға 5 жыл толды. Бүгін біз әдеттегідей бір-бірімізді құттықтап, ұзақ құшақтап, кешке не істейтінімізді жоспарлауымыз керек еді. Бүгін саған "Бірге қартаяйықшы" деген жазуы бар бенто-торт сыйлауым қажет еді. Ал сен өз кезегінде гүл сыйлайтын ең... Бірақ менің сенсіз өмір сүріп жатқаныма бүгін тура 19 күн толды. Алғашқы екі аптада сен өз ауысымыңда жұмыста жүрсің деген ой құтқарды. Ал кейін бұл да "жұмыс істемей" қалды. Айналадағы әрбір зат сенен хабар береді... Сен үйді тастамай, тек бір жаққа кетіп қалған сияқтысың. Қазір барлық ойым тек сен туралы... Айтылмаған қанша сөз қалды, бірге өткізбеген қанша минут қалды... Өйткені, бар өмір алда еді ғой... Маған енді қайтадан өмір сүруді үйрену керек. Қазір мен бар күшті қыздарымыздан алудамын. Солар үшін тырысамын... Қолымнан келетін жалғын нәрсе - сені сүю. Ессіз. Қатты. Әрқашан. Мәңгілік. Шексіз. Ол жақта мені күткейсің...", - деп жазды ол.