Асқар Мамин мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді қолдады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту ұсынысын қолдады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйде сақталып тұр. Стационарлық және амбулаторлық емдеудегі науқастар саны айтарлықтай азайды. Инфекциялық ауруханалардағы орындар 29 пайызға, ал реанимациялық орындар 23 пайызға толық. «Қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалып отыр, 5 өңір – «сары» аймақта, 11 – «жасыл» аймақта. Басқа елдерде коронавирустың «Омикрон» деген жаңа штаммының пайда болғанын ескере отырып, Мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдаймын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министр ел ішінде де эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда болуы қажеттігін, ғимараттар мен көлікте маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жалғасу тиістігін баса айтты. «Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен тиісінше қамтамасыз ету керек. Қазіргі уақытта шамамен 8,8 млн адам бірінші компонентті салдырды, бұл 18 жастан асқан адамдардың 76,6 пайызы және 8 миллионнан астам адам екінші компонентті салдырды, бұл – 70,8 пайыз. Бірақ бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін әлі жеткіліксіз. Денсаулық сақтау министрлігіне Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын», - деген Премьер-Министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде