Асқар Ақаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.

Алматы, NEGE. Оған Құмтөр кенішін игеруге байланысты іс аясында елдің бұрынғы басшысына билікті және қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін, сондай-ақ 1992 жылы "Камеко" компаниясымен келісім жасасу эпизодтары бойынша немқұрайлық танытқаны және 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдағаны үшін айып тағылған.

2021 жылы тамызда, қуғында болғаннан кейін 16 жыл өткен соң, Ақаев Құмтөр ісі бойынша куәлік ету үшін Қырғызстанға келген. Сол жылдың желтоқсан айында ол еліне тағы келіп кеткен. Бір сұхбатында Ақаев еліміздің құқық қорғау органдарының енді оған қарсы талабы жоқ екенін айтты. 2022 жылдың қаңтар айының ортасында президент Садыр Жапаров Асқар Ақаев бұрынғы қателіктері үшін "халық алдындағы кінәсін толық өтеді" деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті