Асқар Ақаевқа жаңа айып тағылды

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасуда, мұнымен қоса оған жаңа айып тағылды.

Алматы, NEGE. Жақында Ақаевтың серігі Бекболот Талғарбеков бұрынғы мемлекет басшысынан барлық айыптар алынып тасталып, оған қарсы қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылғанын мәлімдеген еді.
Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі бүгін Талғарбековтің бұл сөзін жоққа шығарды.

"Құмтөр" ісі бойынша бұрынғы президент Асқар Ақаевқа тағылған барлық айыптардың күшін жоюға қатысты кейбір тұлғалардың сенімсіз мәлімдемелеріне байланысты Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті осы қылмыстық іс бойынша тергеудің алдын ала нәтижелері туралы қоғамға объективті ақпаратты жеткізу қажет деп санайды. Айтылған мәлімдемелердің жүргізіліп жатқан тергеуге қатысы жоқ, демек, іс бойынша нақты ақпараты жоқ адамдардың мұндай сөздері өзін-өзі жарнамалау мақсатында қоғамды әдейі адастыруда", - деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар, Асқар Ақаевқа 1992 жылы "Камеко" компаниясымен бас келісім жасау және 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдау эпизодтары бойынша жаңа айып тағылғаны хабарланды.

"Асқар Ақаевтың жоғарыда аталған қылмыстарды жасаудағы кінәсін толық мойындап, тергеумен белсенді ынтымақтаса отырып, оның елден кетуі, сондай-ақ Бішкекке келуі бұрын тергеушімен келісілгенін айтып өткен жөн. Сонымен бірге, қылмыстық істі тергеу жалғасуда және "Құмтөр" жобасын жүзеге асыруға байланысты қылмыс жасаудың басқа да фактілері анықталып, тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, қылмыстық іс қозғалатын болады", - деп түйіндеді Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетті.

Айта кетейік, бұған дейін “Құмтөр”  алтын кенорнында жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтан тағылған айыптаулар алынып тасталғаны жазылған.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды