Асқар Ізбасов Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ғаламтордан

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы қызметті атқарған Руслан Зарлықұлы Қоңыров Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.