Асырап алған баласын жетімдер үйіне өткізген ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін

Асырап алған баласын жетімдер үйіне өткізген ата-аналарға айыппұл санкциясы енгізілуі мүмкін. Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Баланы кері қайтарған қабылдаушы ата-аналардың балаларды өз отбасына қайта асырап алу құқығы заңнамамен шектелген. Сонымен қатар сот шешімі негізінде бұрынғы бала асырап алушы ата-аналар баланы күтіп бағу үшін алимент төлейді. Баланы қабылдап алушы бұрынғы ата-аналарға айыппұл санкциясын енгізу туралы ұсынысты мұқият зерделеуді, халықаралық тәжірибені талдауды және қоғамдық талқыға салуды ескере отырып, министрлік (Оқу-ағарту министрлігі) мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың, халықаралық сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құрды», - деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары жауабында. 

Оның атап өтуінше, жұмыс тобы бұрынғы қабылдап алушы ата-аналарды жауапкершілікке тартудың әлемдік тәжірибесін зерттеп, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға балалардың қайтарылу себептерін талдайтын болады.

«Атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша қажет болған жағдайда бұрынғы баланы қабылдап алушы ата-аналарға айыппұл санкциясын енгізуге қатысты заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді. Министрлік жұмыс тобы шегінде бүкіл ұсыныстарды талқылауға әзір»,- деді Тамара Дүйсенова.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды