Асылжан Бектай Азия чемпионы болды

Асылжан Бектай ауыр атлетикадан 89 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы.

Алматы, NEGE. Қазақстандық ауыр атлет екі жаттығудың қорындысы бойынша 362 (165 197) келіні көтерді, серпе көтеруде "күміс" және жұлқи көтеруде "алтын" иеленді!

Сондай-ақ бұл салмақта еліміздің тағы бір өкілі – Кирилл Староверкин болды. Оның нәтижесі – 330 (153 177) келі және турнирлік кестеде 7-ші орын.

Бахрейндегі Азия чемпионатында ұлттық құрамамыздың қоржынына екінші "күмісті" Арай Нұрлыбекова салды.

Бұған дейін қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло 55 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды