Асылов: Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық бір жыл бойы жүргізілген
Бас прокурор Берік Асылов Қаңтарда мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырған қылмыскерлердің бір жыл бойы дайындалғанын мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Айтуынша, төңкерісті ұйымдастырушылар арасында қылмыстық топ мүшелері, ДВК жақтаушылары, діни экстремистер бар.
"Мемлекеттік төңкеріске қатысты сұрақтар күрделі әрі оңай емес. Мемлекеттік төңкеріс жасауға оқталу болды, мұны тергеу кезінде әбден зерделедік. Қазір барлығын тексеріп, қарастырып жатырмыз. Төңкеріске бір жыл бұрын дайындалып, барлығын алдын ала жоспарлаған. Ішінде қылмыстық топ мүшелері, діни экстремистер, бұрын сотталғандар, ДВК жақтаушылары бар", – деді Берік Асылов.