Асыл Айтақын Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Асыл Айтақын еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 61 келіде бақ сынайтын ол жартылай финалда үндістандық Акаш Дахияны 11:0 есебімен жеңді.

Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола иеленді.

Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола жүлде, Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс медаль еншіледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?